русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Әлем жаңалықтары

новость от 09.03.2023

 Талибтер салып жатқан канал қандай және мақсаты не? Каналдың Ені 100 метр, жобалық ұзындығы 285 км., ол аяқталғаннан кейін Амудария суының үштен бір бөлігін Ауғанстанның солтүстік аймақтарына бұруға болады екен. Бұл дегеніміз Өзбекстанның бірқатар аймақтарында су тапшылығы үдей түседі. Бұрыннан бар су тапшылығы, құрғақшылық пен шөлейттенуге қарсы шаралар қабылдайтын тағы бір күрделі мәселе туындайды деген сөз. Осыдан тура бір жыл бұрын "Талибан" қозғалысының үкіметі елдің солтүстігінде ірі канал салу жобасын ұсынған-ды. Амудариядан шыққан Куштеп каналы Балх провинциясының аумағында салынып жатыр.
Суы аз жылдары Амудария суы 34 текше шақырымға дейін азайды. Егер құрылыс аяқталса, өзен суының үштен бір бөлігі Ауғанстанның ішкі аймақтарына бұрылады. Бұл Хорезм, Бұхара, Сурхандария және Навои облыстары, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасы мен Түрікменстан үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Ең алдымен, салынып жатқан каналдың көмегімен ауғандықтар Солтүстіктегі үш провинцияда ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Канал Амударияның Балх провинциясының Қалдар ауданы арқылы өтетін бөлігінен басталады. Жобаны Ауғанстанды дамытудың Ұлттық компаниясы мемлекеттік қаражат есебінен іске асырып отыр.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары