Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.03.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не қарасты су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы
1890 шақырымды құрайды. Бұған тек құбырлар ғана емес, күрделі жүйеге:
клапандар, қысым реттегіштері, су өлшегіштер және тұтыну барысындағы шығын
өлшегіш құрылғылары – осының барлығы кіреді. Мысалы, бекіту арматурасы, есепке
алу тетіктері мен құралдар арнайы жерасты камераларында орналасқан. Тұтынушыларды
сапалы ауыз сумен тұрақты қамтып, авариялық жағдайларды азайту үшін кәсіпорын
қызметкерлері алдын алу жұмыстары н жоспарлар, тексеру жүргізеді. Кәсіпорын
мамандары үлкен диаметрлі су құбырларын жіті бақылайды. Аудандық су арналары бекітілген кесте бойынша
жүйелі жұмыс істейді.
Жоспарланған жөндеу
жұмыстарын "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бөлімшелері түнгі уақытта да
жүргізеді. Басты мақсат - қала тұрғындарында ауыз су тұтынуда проблемалар
туындамауы керек. Егер жөндеу немесе алдын-алу жұмыстары жоспарланған болса, тұтынушыларға міндетті түрде хабарланады.
Осылайша, жоспарлы жұмыстар еш кедергісіз іске асады, көбінде жұмыс күні
басталғанға дейін аяқталады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты