Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 13.03.2023
Су басқан үйлерден 44 адам эвакуацияланды. Сырым ауданының Олент ауылында су басқан екі үйден бүгінде алты адам сыртқа шығарылды. Басқа да тұрғын үйлерді су басу қаупі бар. ТЖ департаменті жеке құрамының 40 адамы, бес бірлік техникасы, үш мотопомпалар, жергілікті әкімдіктердің қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Бөгет бақылауға алынды. Барлық тұрғындар туыстарының үйлеріне жеткізілді. Жеке аулалардан - 12 бас ІҚМ, 30 ұсақ мал - көрші аулаларға таратылды.
⠀Топан су Олент ауылындағы үйлердің іргетасынан жоғары көтерілген, қазіргі уақытта оның деңгейін төмендету шаралары қолға алынған. Екі үйдің қабырғалары қам қыштан тұрғызылған, сондықтан жағдайы қиындау", - дейді облыстық ТЖ департаментінің басшысы. БҚО әкімінің орынбасары Ержан Балтаевтың айтуынша, облыста 1979 және 1993 жылдары осындай аномальды құбылыстар болған. Үш фактор себеп болып отыр: күзгі жауын-шашынның көп мөлшерде жаууы, топырақтың қатуы және мол жауған қардың еруі.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты