Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 14.03.2023
Түлкібас ауданында кәріз жүйесіндегі проблемалар жылдар бойы шешілмей келеді. Састөбе кентінің әкімі ауылда салынған жаңа жүйе іске қосылмай тұрғанына алаңдаулы. Бұл экологиялық апатқа әкелуі мүмкін деп есептейді.
Састөбеліктер жағымсыз иістен әлі ұзақ уақыт құтыла алмайтын сыңайлы. Себебі, қомақты қаржыға тазарту қондырғысын орнатуды қолға алған компания құрылыс құжаттарындағы талаптарды дұрыс орындамаған.
«Нормативтерге сәйкес, бұл станцияда қалдықтарды өңдейтін, тазартатын, кептіретін және сыртқа шығаратын жүйе болуы керек. Бүгінгі таңда мұның бірде-бірі іске аспай отыр. Сапасыз жұмыстардың салдарынан ғимарат шөгіп, пайдаланылмай жатып жарамсыз күйге түсуде», - дейді Састөбе кентінің әкімі Асқар Айдарбеков.
Оның айтуынша, жаңа станцияға 300 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған, бірақ оның өзі жеткіліксіз болып қалды. Састөбеде кәріз жүйесі жұмыс істемегендіктен, ауылдағы сарқынды су, кәріз қалдықтары жасанды көлге айналды. Ол тазартылмайды да!
Аудан әкімдігіндегілер де жауапты компанияның сапасыз жұмысына қанық. Мердігер компанияны жазалауға уәде беріп отыр, бірақ алдымен барлық кемшіліктерді түзетуі тиіс екен.
Састөбеліктер болса, кәріз тазарту құрылғыларының шарапатын әлі көп уақыт күтетін сыңайлы. Оған дейін жұқпалы аурулардың тарап кетпесіне кепілдік жоқ. Үлкен де, жас та алаңдаулы.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты