Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.03.2023
М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің
«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша биыл 36 студент қолына
диплом алады. Сол түлектердің 16-сы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не өндірістік
практикаға келмек. 2 ай бойы кәсіпорынның өндірістік-техникалық бөлімінің
жұмысын үйренеді. Күнделікті тұтынатын ауыз суымыз бен пайдаланылған суды
тазалау жүйесі – күрделі процес.
Сапалы су стандарты бар. Соған сәйкес келу үшін, сумен
қамту бағытында күрделі жөндеу, құбырларды қайта құру сияқты ауқымды жұмыстар
істеледі.
Анарбек Орман «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры
Расында, бұл жастар
мекемеге келіп отырған алғашқы практиканттар емес. Осындай ондаған студенттер кәсіпорында
тәжірибе жинақтап, бүгінде түрлі бөлімдерде жұмыс істеуде. Арасында басшылар да
бар. Техникалық мамандықтарға ұл-қыздарды бейімдеуге басымдық беріліп отырған
уақытта өндірістік практиканың маңыздылығы орасан.
\ Бұл кәсіпорын біздің ЖОО үшін мықты өндірістік база болып
саналады. Қаншама студенттеріміз келіп, практикасын өтті. Универді
бітіріп, осында жұмысқа шақырылды. Қазір істеп жүр. Студенттер
оқып жүріп, жұмысқа бейімделеді. Сондықтан, таңдау жасауға негіз бар.
Кездесу соңында
жастар кәсіпорын тарихы мен 25 жылдағы жетістіктер жолынан толық мағлұмат
беретін мұражайды аралады.
Асыл Ерболатұлы
студент
Қала тұрғындарын
сапалы ауыз сумен қамтып, шайынды суды тазарту кешенін жаңа технологиялар
негізінде ары қарай дамытуға ізденімпаз, талапты жастар қажет ақ.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты