Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 15.03.2023
Су тапшылығы, аса маңызды табиғи ресурстың азаюы адамзат үшін және жаһандық сын-қатерлердің бірі болуы ғажап емес. Бүгінде Қазақстанның бірқатар өңірлерінде суармалы су және ауыз суға деген қажеттілік қатты сезілуде. Бұл ретте ауыл шаруашылығын қоса алғанда, ұлттық экономиканы дамыту, сондай-ақ елдің барлық өнеркәсіп кешенінің дамуы, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету деңгейіне тікелей байланысты. Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану бойынша белгілі бір мемлекеттермен су бөлу мәселелері әлі толық шешілмеген.







