русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 16.03.2023

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов Шымкент индустриалды-техникалық колледжін биыл бітіретін студенттермен кездесті. Кәсіпорын басшылығы қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен тығыз байланыста – дуальды оқу жүйесін қолдай отырып жұмыс істейді.

Компания тұрғындарды, мекемелерді сумен қамту және шайынды суды тазарту жұмыстарына жас мамандарды тартуға басымдық береді. Студенттерді ынталандыру үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де бірқатар бағдарламалар әзірленген, соның негізінде кәсіпорынға қажетті жас мамандарға қолдау ретінде стипендия беру және қосымша оқыту курсы қарастырылады.

Бас директор орынбасары Бекжан Ешімбетов студент жастарға кәсіпорындағы еңбек және жалақы жағдайы, техникалық мамандықты меңгерген ұл-қыздар үшін өндірістегі қызметте өсу перспективалары туралы айтып берді. Өзінің болашақ кәсіби қызметін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен байланыстыруға ниетті түлектерді экскурсияға келіп, кәсіпорынмен жіті танысуға шақырды.

 

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары