Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.03.2023
Ұлттық ойындар, ұлттық киім және ұлттық тағам. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің ұжымы қалыптасқан дәстүрден айнымай Наурыз мерекесін ерекше дайындықпен қарсы алды. Кәсіпорынның үлкен және ынтымағы берік ұжымы көктем мерекесін жылда бірге атап өтеді.
Негізі, спорт
жарыстары мерекеден бірнеше күн алдын басталған-ды. Кәсіпорын бөлімшелерінің
қызметкерлері арқан тартыс, гір көтеру, лянга, нарды және шахматтан жарысқан
еді. Арқан тартысқа 10-нан астам команда қатысты, жігіттер мен қыздардың
жанкүйерлері де көп болды. Тартысты сайыста төрт команда финалға өтті.
Ең маңызды
жекпе-жек 20 наурызда жалғасты. Бірінші орын үшін Орталық диспетчерлік қызметінің мықтылары мен «Су ресурстары инспекциясының» жігіттері күшін салды. Сөйтіп, «Су ресурстары инспекциясының» өкілдері арқан тартуда үздік болды.
Жеке спорт түрлерінде де күрес кәдімгідей тартысты болды. Нәтижесінде, Заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің
қызметкері Махмұд Керімбаев гір көтеруде жеңімпаз атанды. Лянганы тебуде де Заңды тұлғалармен жұмыс бөлімі ептілік танытты. Бірінші
орын бөлімнің қызметкері Еркін Аманбаевқа бұйырды, ал нарды ойнауда Абай
аудандық су арнасының өкілі Болат Байжанов жеңімпаз атанды.
Қошқар көтеру сайысы
көрермендердің қызығушылығын арттыра түсті. Соңына дейін бұл жарыста кім
жеңетіні белгісіз болды. Мықтылардың мықтысы «Бадам-Сайрам су жинау» орнының
шебері Бекзат Түймебаев болып, жеңімпаз атанды. Ол қошқарды 60 рет көтерді.
Ер азаматтар күші мен
ептілігін сынға салса, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ұжымының қыз-келіншектері
Ұлттық киім және наурыз-көже дайындау конкурстарына қатысты.
Қазылар алқасына
үздіктерін анықтау қиын болды. Ең маңыздысы,
Ұлттық киім байқауына ұжымның барлық арулары ерекше ықыласпен қатысты.
Дегенмен, дауыс беру нәтижесінде бірінші орынды кәсіпорын Кеңсесінің басшысы
Бану Адельчанова иеленді, екінші орынды үш ару бөлісті: орталық диспетчерлік
қызметінің, бухгалтерия және сынақ зертханасының қыздары бөлісті.
Ал, әз Наруыздың
сәні мен мәні болған Наурыз-көжені дайындауға арналған конкурста Заңды
тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім өкілдері үздік атанды, «Су ресурстары
инспекциясының» қызметкерлері екінші орынды иеленді және "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС сынақ зертханасының мамандары үшінші орыннан
көрінді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас
директоры Анарбек Орман
Кәсіпорын ұжымы күн
мен түннің теңесіп, Жер мен көкті түрлендіретін, тіршілікке әр беретін Ұлыстың
ұлы күнімен бірін-бірі ақжарқын тілегімен жігерлердірді. Наурыздан – Наурызға
аман жетейік, Жаңа Жыл жарылқай келсін, кәсіпорын еңбегі жемісі, табысы молая
түссін деген батаның қабыл болуын тілеп тарқасты.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты