Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 26.03.2023
Бұл шара Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Тазалық акциясына 135 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде: 12 мыңнан жоғары еріктілер, 47 мыңнан жоғары мемлекеттік органдардың өкілдері, 65 мыңнан жоғары мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық бірдестіктер мен тұрғындар. Климаттық жағдайға байланысты, іс-шара Қазақстанның алты өңірінде, оның ішінде Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында өтті.
Қатысушылар рекреациялық аймақтарды ретке келтіріп, аула маңындағы нысандарды, көшелер мен саябақтарды тазартты. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, гүлдер мен ағаштар отырғызылды. Акция шеңберінде барлығы 2,5 мың тоннадан жоғары қалдықтар жиналды. Жинақталған қоқыстардың сұрыпталып, 337 тонна әйнек, 97 тонна пластик, 67 тонна резіңке, 49 тонна қағаз бен 130 тонна металл қайта өңдеуге берілді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты