Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 26.03.2023
2023 жылғы 22-24 наурыз аралығында БҰҰ Штаб-пәтерінде (Нью-Йорк, АҚШ) БҰҰ су конференциясы өтті. Бұл - халықаралық ұйым соңғы 50 жылда алғаш рет өткізген Тұщы су ресурстары бойынша алғашқы жаһандық конференция.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова басқарды. БҰҰ су конференциясы су ресурстарын тұрақты басқаруды қамтамасыз етуде және әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мақсаттарға қол жеткізуде бүкіл әлемдік қауымдастыққа серпін береді.
Қазақстан Республикасы өз кезегінде БҰҰ мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы су ресурстары жөніндегі онжылдықтың мақсаттарын іске асыруда барлық мүмкіндіктерін қарастырады. Іс-шараның негізгі нәтижесі: ондаған елдердің үкіметтері, кәсіпорындар, үкіметтік емес және басқа да ұйымдар қабылдаған су ресурстарын басқару жөніндегі ерікті міндеттемелерден тұратын Халықаралық су ресурстары жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы қабылданды.
Су конференциясы аясында қазақстандық делегация өкілдері Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрі Ли Гоинмен кездесу өткізді.Кездесу барысында трансшекаралық өзендер саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. БҰҰ - да атап өткендей, әлемнің 153 елі трансшекаралық су ресурстарын пайдаланады - мысалы, бірнеше ел арқылы өтетін өзендер. Үш миллиардқа жуық адам бірнеше мемлекеттерде орналасқан өзен бассейндерінде тұрады. Сондықтан трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану - адамзат үшін өзекті мәселе.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты