Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.03.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің басшысы Бұлан
Тұрлыбеков Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде тұрғындардың
сұрақтарына жауап берді. Ол кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы турасында
және Шымкентте су құбыры мен кәріз желілерін қайта құру мен ауыстыруға қатысты биылғы
жұмыс жоспарымен бөлісті. Бөлім басшысының айтуынша, 2023 жылы қолға алынған
ауқымды жобалардың бірі - кәріз-тазарту құрылғылары кешенінің қуатын арттыру.
Жаңа жоба іске асса қаладан жиналатын шайынды суды тазарту көлемін 50 мың текше
метрге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, кәріз желілері арқылы кешенде
тәулігіне 200 мың текше метр сарқынды су өңделмек. Имарат құрылысын бастау
шарасына қала әкімі қатысты. Кәсіпорынның бүкіл жүйесінің жұмысын кеңейту барысында
лас суды тазарту құрылғылары кешенінде өндірістік тізбектерді жаңғырту бойынша да
жұмыстар қолға алынады. Мысалы, бүгінде күкіртті тазарту желісінің жаңа, қуатты
станциясының құрылысы аяқталуға жақын.
Бұлан Тұрлыбеков қаладағы
екі ірі магистральды коллекторды қайта құру туралы да айтты. Мысалы, Қапал
батыр көшесінде коллектордың 4 шақырымы (диаметрі 600 мм-ден 800 мм-ге дейін)
жаңартылады. Шымкент индустриалды және өнеркәсіп аймақтарында өндірістің
ұлғаюына байланысты бұл жұмыстар өте қажет. Оған қоса, кәріз желісіне құйылатын
ағынды су мөлшері де артып отырғаны заңдылық. Көктемде, күзде қала көшелері мен
үй аулаларын су басуы мәселесін шешу үшін "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС алдағы уақытта Самал-3 шағын ауданындағы коллекторды қайта жаңартуды
жоспарлап отыр. Тұтастай алғанда, инвестициялық бағдарлама шеңберінде "Су
ресурстары-Маркетинг "ЖШС көрсетілетін қызмет сапасын одан әрі арттыру
үшін қажетті жабдықтар мен техника негізінде мегаполистің тұрғын алаптарындағы
инженерлі желілерді жаңғырту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілмек.
Күрделі құрылыс
бөлімінің бастығы қала тұрғындарына қажетті ұсыныстар беріп, су құбыры мен
кәріз желілерін қайта құру және ауыстыру жұмыстарын орындайтын мердігер ұйымдар
тарапынан қандай да бір олқылықтар, талап бұзушылықтар болған жағдайда қайда
жүгіну қажеттігін түсіндірді. Тікелей эфирдің толық нұсқасын Facebook
әлеуметтік желісіндегі "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ашық аккаунтынан
көруге болады.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты