Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 30.03.2023
Қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Tazalyq» жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында Атырау мұнай өңдеу зауытының механикалық тазарту қондырғыларын жаңғырту, нормативтік-тазартылған ағынды су каналын реконструкциялау және зауыттың булану алқаптарын рекультивациялау жоспарланған. Жобаның бірінші кезеңі, яғни, жабық типтегі ағынды суды механикалық тазарту қондырғыларын жаңғырту жұмыстары нәтижесінде жағымсыз иіс көздері саналатын ашық бассейндер жойылды. Жалпы ауданы 5 мың шаршы метрге жуықтайтын қосымша тұнба тоғандарын және ескірген мұнайбөлгіш қондырғысын демонтаждау жұмыстары жүргізілген. Оған қоса, бірінші кезең нәтижесінде, заманауи тазарту қондырғылары жаңадан салынып, іске қосылды. Мамандардың айтуынша, 2022 жылдың соңында құрылыс жұмыстары аяқталды. Механикалық қондырғының өнімділігі сағатына 1000 текше метр. Қазіргі таңда зауыт толық қуатта жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Тазарту қондырғыларын жаңғыртудың ІІ кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Өндіріс мамандарының айтуынша, қала іргесіндегі «Сасық сай» булану алаңына төгілетін ағынды сулардың 80 пайызы қалалық қосындардан келсе, 20 пайызы Атырау Мұнай Өңдеу Зауытынан шығады. Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан жоба 2023 жылдың соңында толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
41.0%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты