русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 30.03.2023

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де мамандардың кәсіби деңгейін анықтап, халыққа сапалы қызмет көрсетуді ары қарай жақсартуға негіз болатын кадрларды ынталандыуды мақсат еткен конкурс осымен екінші рет өткізілді. Арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен "Кәсіпорынның болашағы" конкурсының жеңімпаздары анықталды. Нәтижесінде, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің 5 қызметкері үздік деп танылды. Бүгін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Анарбек Орман жеңімпаздарды құттықтап марапаттады.

Бірінші орынды тестілеу мен әңгімелесуде үздік нәтиже көрсеткені үшін «Су өлшегіш шеберханасының» басшысы Ғалымжан Қанлыбаев алды.

Екінші орынды дилерлік учаскенің басшысы Нұржан Акимов жеңіп алды.

Үшінші орынды «Жоспарлау-экономикалық бөлімінің» маманы Медетхан Түзелхан иеленді.

Төртінші орын «Заңды тұлғалармен жұмыс» бөлімінің инспекторы Нұржан Абдуллаға, ал бесінші орын «Су жинау құрылыстарының» инженері Еркінбай Әбдіқадыровқа бұйырды.

Барлық жеңімпаздар кәсіпорынның кадрлық резервіне алынды және арнайы сыйлықтарға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысушылар су құбыры және кәріз желілері бойынша қызмет көрсету регламенттері негізінде өз білімін көрсетіп, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануға байланысты сұрақтарға жауап беруі тиіс болатын. Бұл жолы байқауға "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС құрылымдық бөлімшелері мен аппаратының 30-дан астам қызметкері қатысты.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары