русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 02.04.2023

 "Ақтөбе арқылы 6 өзеннің арнасы ағып өтіп жатыр. Соңғы жылдары өзен арналарының бойында үйлер тұрғызылғанын көріп отырмыз. Қалада жауын-шашын болса, көшелердің суға толуы үлкен мәселеге айналды. Біз қазір қалада суағарлар мен су бұру жүйелерін салуымыз керек. Тұрғындарымыздың да қойып отырған талабы - осы. Қала құрылысының талаптарына сәйкес келетін кешенді жоспар бастапқыда болуы тиіс еді. Ал бізде ол жоқтың қасы. Мысалы, Батыс-2 ауданында жол салғанда суағарлар қаралмаған, ал кей жерлерде салынған суағарлар судың бағытынан мүлдем алшақ жатқанын көрсетті. Өткен апталарда еріген қар мен жаңбыр сулары жаңа тұрғын үйлердің жертөлелеріне толды. Бұл - сауатты жобалаудың, үй салушы компанияларды бақылау жоқтығының көрінісі. Жылдар бойы қордаланған мәселені шешуіміз керек. Мүмкін оны шешуге бір емес, бірнеше жыл керек болар. Бірақ біз биыл ең негізгі жұмысты атқаруымыз керек. Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде су көп жиналатын 128 учаске анықталды. Қаланың арықтары мен суағар жүйелерінің кешенді картасын жасақтауды тапсырамын", - деді әкім Мұрат Жөребеков жауапты мамандар қатысқан жиында.
"Гражданпроект" ӨК басшысы Әубәкір Әжғалиевтің айтуынша, қала суағарларының картасын жасау үшін қала аумағының толық топографиялық түсірілімі керек. Қазір осы мекеме "Авиатор", "Елек", 11 және 12 шағын аудандарда, Есет батыр тұрғын алабында су қабылдағыш жүйелерін орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізумен айналысып жатыр. 2022 жылы қалада 3,2 шақырым арық жүйесі салынған. Оған дейін қала көшелерінде жауын-шашын сулары көп жиналатын 46 аумақ анықталып, 2021 жылы 11 учаскеде, 2022 жылы 9 учаскеде суағарлар, су қабылдағыштар салынды.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары