Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.04.2023
Күн жыли сала
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің арнайы бөлімшесі күзгі-қысқы
кезеңде бұзылған жол қабатын қалпына келтіруге кірісті. Жұмыстар орталық
диспетчерлік қызметімен келісілген кесте бойынша жүргізіледі. Бөлімшенің жұмысын
ыстық асфальтты тасымалдауға қауқарлы және жол бетіне асфальт төсейтін,
тығыздайтын жабдықтары бар "Бастион" мобильді кешені толық атқарады. Кешенде
4 адамнан тұратын бригада істейді.
Сәкен Бисебаев, бөлімше басшысы
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің бөлімшелері
жүргізген су құбыры және кәріз желілерін ауыстыру және қайта құру орындарында,
авариялық-қалпына келтіру жұмыстары орындарында асфальт төсеу жұмыстары
жалғасуда. Жол жабыны ашылғаннан кейін қалған қоқыс та шығарылады. Бізде барлық
қажетті техника мен жабдықтар бар".
Жолдың үстіңгі қабатын
қалпына келтіру жұмыстары "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызмет
көрсететін барлық аумақта қолға алынған. Егер асфальттау жұмыстары бойынша қандай
да бір сұрақтар туындаса, +7-708-110-21-21 телефоны арқылы "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне хабарласыңыздар.
Сондай-ақ, кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына да жаза аласыз.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты