русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 03.04.2023

Қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі 4 мәселенің бірі -  Шымкент қаласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері және тарифтерді тұрақтандыру жұмыстары туралы.
Шымкент қаласы бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – ТМС) тіркелімінде 80 қызмет түрі бойынша 63 ТМС енгізілген. Бұдан басқа, қоғамдық маңызы бар нарықтың 1 субъектісі бар. Реттелетін қызметтер: жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, су мен кәріз қызметі, электр энергиясы мен газды тасымалдау және де кірме жолдар қызметі.
Азық-түлік тауарлары бағасын, Лифт, қоқыс шығару, домофон, ВДГО, КСК және басқа да табиғи монополия саласына жатпайтын қызметтер Департаментпен реттелмейді.
Департамент 5 базалық ТМС қызметін реттейді («Су құбыры және канализация» МКК, «Су ресурстары -Маркетинг» ЖШС, «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК және «КазТрансГазАймак» АҚ ШӨФ). Қазіргі таңда барлығы Заң талабына сәйкес 5-жылдық тарифтері бекітіліп жұмыс жасауда.
2022 жылы Департамент барлығы 127 (оның ішінде ИБ-15) өтінімдерді қарады, оның ішінде 65 (ИБ-10) өтінімді қараудан бас тартылды, 62 (ИБ-5) өтінім қаралып бекітілді.
Талдау қорытындысы бойынша: Субъектілерімен тарифтік сметаларды орындалмауына байланысты монополистердің 37-қызметіне жалпы соммасы – 640,635 млн.тенгеге уақытша өтемдік тариф енгізілді (тарифтер төмендетілді). Тарифтің төмендеуі 0,66 % – 83,76% дейін құрады, олар бір жылдың ішінде қайтарылатын болады.
Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (бұдан әрі-ҚР ИИДМ) мен «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ-мен (бұдан әрі-ҚТЖ) бірлесіп әзірленген салалық қорытындысына сәйкес кірме жолдар қызметтерін ұсыну нарығы бойынша 1 км кірме жолдарды күтіп-ұстауға арналған нормативтік шығыны 729,24 мың теңгені құрады.
Департамент «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп соңғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша (2021-2022 жылдар бойынша) орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметін пайдаланатын және жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып (есеп бойынша – 1,99 градус қаралған, нақты 4,6 градус құрады), жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізді. Шымкенте ауа-райы жылы болғандықтан жәнеде жүргізілген жұмыс нәтижесінде халыққа қаражатты қайтару сомасы 23,5 млн. теңгені құрады.
Жылыту маусымында есеп құралдары жоқ тұтынушыларға 1 шаршы метрге – 10,9 теңге қайтарылады. Мысалы, ауданы 60 шаршы м. болатын пәтерге жылыту бойынша қайта есептеу (қаражатты қайтару) 654 теңгені (60 шаршы м*10,9) құрайды.
Аныктама: 2018-2019жж. – 40 млн. теңге (тұтынушыларға 2019 жылдың қарашасында қайтарылды);
– 2019-2020 жж. – 25,8 млн. теңге (а.ж. шілде айында қайтарылды).
Департамент мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат (субсидия) негізінде, «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтеріне тарифтер төмендетті.
Жыл сайынғы инфляцияға қарамастан (2018-5,4%, 2019-4,9%, 2020-7,5%, 2021-8,4%, 2022-20,4%, бес жылда 46,6 процент болды), Шымкент қаласында коммуналдық тарифтері деңгейі тұрақты деп айтсақ болады, Мысалы әр қызмет бойынша айтатын болсақ:
Жылу
 2018 жылы жылудың бағасы 1 шаршы метрге 142,3 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында қазіргі таңда жылудың бағасы 120 теңгеге дейін төмендетілді (-16%); Сотты жеңіп жатсақ тариф 1м2 қосымша 70 теңгеге төмендейтін болады.
Су және кәріз. 2018 жылы су мен кәріздің бағасы 1 м3 – 137 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында қазіргі таңда бағасы - 135,5 теңге. 2024 жылы 122 теңгеге дейін қосымша төмендетіледі (11%);
Табиғи газ
Департаментпен тек газды тасымалдау қызметі реттеледі, 2018 жылдаң бері атқарылған жұмыс арқасында тасымалдау тарифтері 9028 теңгеден 5173,85 теңгеге дейін төмендетілді. Осының арқасында, соңғы тарифтерде төмендетілді. Мысалы 2018 жылы газдың бағасы 34,47 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында, қазіргі таңда газдың бағасы 32,64 теңгеге дейін төмендетілді (-5,3%);
Тарифтің баға құрылымын қарайтын болсақ – оны үш мемлекеттік орган бекітеді. Мысалы, газдың орташа бағасы 32 739 теңге құрайды, оның ішінде:
көтерме бағасын ҚР Энергетика министрлігі бекітеді, ол 80% құрайды немесе 26197 теңге;
газды тасымалдау тарифін Департамент бекітеді, ол 16% құрайды немесе 5174 теңге;
сату қосылымы (снабженческая надбавка) тарифін Комитет белгілейді, ол 4% қүрайды немесе 1368 теңге.
Электр энергиясы Түркістан облысы бойынша Департаментпен реттеледі.
Департамент 2022 жылы 92 әкімшілік құқық бұзышылық істері қозғалды, Салынған айыппұлдардың жалпы соммасы – 84,6 млн теңге, оның ішінде өндіріп алынғаны – 80,8 млн. теңге, бұл 96% – ды құрайды. Қалғаны сот орындаушыларына өндіріп алу үшін жолданды.
Қазақстан бойынша тарифтерді салыстыратын болсақ, Шымкенттегі тарифтер ортанғы деңгейде деп айтуға болады, мысалы Электр энергиясы бойынша – 6 орында, жылу энергиясы бойынша – 7 орында, газ бойынша – 5-6 орында, су мен кәріз қызметі бойынша – 8 орында.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары