Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.04.2023
ҚР ҰЭМ Табиғи
монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кезекті
виртуалды қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Оған коммуналды қызмет көрсетушілер, саяси
және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Модератор - департамент басшысы
Дархан Қайынбердиев болды.
Қоғамдық қабылдау
барысында монополияны реттеу департаментінің басшысы Табиғи Моноплияларды
реттеу агенттігінің жалпы қызметі және Шымкенттегі тарифтік саясат турасында
ақпарат берді. Ол мегаполисте республика көлемінде коммуналды қызмет құны
бойынша қандай орында екенін де атап өтті. Мысалы, сумен қамту және кәріз
жүйесі қызметінің құны бойынша Шымкент елімізде 6-шы орында. Осы мәселелер
бойынша ДРЕМ әлеуметтік желілерде халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Онлайн
кездесуде Дархан Қайынбердиев коммуналды қызмет көрсетушілерге әлеуметтік
желілердегі жұмысты күшейте түсу қажеттігін ұсынды.
Тікелей эфир
барысында тұтынушылардан бірнеше сұрақтар түсті. Олардың ішінде, "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметінің қатысты сауалдар болған жоқ. Естеріңізге
сала кетейік, Facebook әлеуметтік желісіндегі виртуалды қоғамдық қабылдау ай
сайын, айдың бірінші сейсенбісінде өткізіледі. Егер сіздің "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса,
кәсіпорынның аккаунттары арқылы қоя аласыз немесе whatsapp-қа жазуға болады:+77057581111.
Орталық диспетчерлік қызмет телефоны: +77081102121.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты