Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 05.04.2023
Абай ауданында инфрақұрылым мәселелері 2024 жылы толығымен шешіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлімдеді.
"Ауданның 27 елді мекенінің 26 - сы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл 92,2 пайызды құрайды", - деді аудан басшысы. Халықтың 92,5 пайызы сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілген. 20 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілген, қалған жетеуі қатты отынды пайдаланады. Жыл соңына дейін үш тұрғын алабын - "Асар-2", "Қайнар-бұлақ", "Нұршуақ"табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2024 жылы "Ынтымақ-2", "Тәуелсіздікке 20 жыл" елді мекендерінде, "Қайнар-бұлақ" саяжай алабында және "Бозарық" шағын ауданының жаңа құрылыс аумағында газ құбырлары өткізіледі.
Б. Пармановтың айтуынша, аудан аумағында су басу қаупі бар 61 орын анықталған. Олар бойынша 2022 жылы жалпы ұзындығы 4,6 км (жеті мекен-жай) науалар жүргізілді. Бес көшеде суару шұңқырын салу жоспарланған. Сондай-ақ ұзындығы 3,7 км тоғыз көшеде суару жүйесін жүргізуге бюджеттік өтінім берілді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты