Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.04.2023
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек және
көші-қон инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжанов "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС ұжымымен
кездесті. Кездесуді
кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.
Бауыржан Ахметәліұлы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
қызметкерлеріне еңбек заңын,
үлкен ұжымдар үшін өзекті мәселелер және оларды шешудің заңды тәсілдері,
қызметкер мен жұмыс берушінің құқығы
турасында айтып берді. Еңбек даулары туындаған жағдайда қайда
жүгіну керектігін түсіндірді.
Бауыржан Қалжанов
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек және көші-қон
инспекциясының басшысы
Инспекция басшысы,
сондай-ақ, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі туралы егжей-тегжейлі
тоқталды. Жұмыс орнында туындаған сақтандыру мәселелері бойынша тексеріс жүргізу,
аталған істердің сараптамалары мен сот процесстері туралы айтты. Кездесу
барысында кәсіпорын мамандары өз сауалдарына жауап алды.
Айта өтейік, "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне баса
назар аударады, мұқият қарайды. Кәсіпорынның тарихында сақтандыру жағдайлары бойынша мәселе туындаған емес.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты