Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 06.04.2023
ТЖ министрі Юрий Ильин Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында атап өткендей, осы үш құрылыстың 2-уі Алматыны селден қорғайтын болады.
"Аюсай бөгетінің құрылысы сел ағындарынан, нөсер, селдерден болатын қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік береді және жобаланатын бөгеттің астында орналасқан шаруашылық объектілерін инженерлік қорғауды және сел қаупі бар аймақтағы адамдардың өмірін қорғауды қамтамасыз етеді: мысалы, Алматы ГЭС-і маңында орналасқан нысандар, үйлер, Алматы автожолы, "Алма Арасан"санаторийі де осы нысандар қатарында.
«Ал, Ақсай өзені бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу келесі нысандарды сақтап қалу үшін қолға алынған: ол "Ленинец" пионер лагері, осындағы орманшылық алабы, "Ақсай" саяжайы, Алматының Наурызбай ауданы Ақжар кенті және Ақсай өзені бойында орналасқан басқа да елді мекендерден сел ағындарынан инженерлік қорғауды қамтамасыз етеді", – деп нақтылады министр.
Екі бөгет те осы жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Қытаймен бірлесіп Қорғаста 10 млн текше метрлік көлемі бар Шүкірбұлақ селден қорғау бөгеті салынып жатыр. Ол екі елдің шекарасында орналасқан және "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының нысандарын және "Қорғас" кеден ғимараттарын, "Шығыс қақпасы" шекара маңы сауда-экономикалық аймағын, Қорғас және Басқыншы елдімекендерін Қорғас өзенінің тасқынынан және сел ағындарынан қорғайтын болады. Бөгет құрылысын 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты