Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.04.2023
Қазақстандық ТКШ
дамыту орталығының басқарушы директоры Алмас Мәдиев Шымкенттің кәріз-тазарту
құрылғылары кешенінің жұмысымен танысты. Оңтүстікке инспекциялық сапармен
келген Алмас Өскенбайұлы күнгейдегі ірі қалалар мен аудан орталықтарындағы сарқынды
суды тазарту қондырғыларын көріп, жұмысын зерттеуді мақсат тұтқанын айтты.
Қазақстанда шайынды
суды тазартуда проблема көп.
Қазір аталған сала өте өзекті боп тұр. Мәселені шешу үшін Қазақстанның көптеген
қалаларында тазарту құрылғылары кешендерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары
қажет. Бұл жұмыс, сөзсіз, айтарлықтай шығынды талап етеді. Сонымен қатар,
еліміздің кей қалаларында аталған кешендерді жаңғыртқаннан кейін де жүйелі
жұмыс істеп кетуі неғайбыл жағдайлар көп. Оның себептері әртүрлі. Оңтүстікте де
осындай бірнеше нысан бар.
Ал, Шымкенттің
кәріз-тазарту құрылғылар кешені еліміздегі жұмысы жүйелі, нәтижелі кешен, үздіктердің
бірі. Оған қоса, біздің кәсіпорынның тазарту құрылғылар кешені Орталық Азияда
биогаз қондырғысымен жабдықталған бірегей нысан. Өз кезегінде ТКШ дамыту
жөніндегі Қазорталықтың басқарушы директоры кешен қызметкерлерімен әңгімелесіп,
біздің тәжірибемізді зерделеуге қызығушылық танытты. Алмас Мәдиев осы кездесуде
жақсы жаңалығымен де бөлісті. Жуық арада Тазарту құрылғылары кешенінің
мамандары үшін арнайы оқу орталығы ашылады. Оған Шымкенттік мамандар оқытушы-жаттықтырушы
ретінде арнайы шақырылмақ.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты