Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.04.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өндіріс тізбектерін Автоматтандыру және цифрландыру бойынша
жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Кәсіпорын басшылығы
түрлі нұсқаларды қарастырады.
Нәтижесінде, өндіріс қуатын арттыруға мүмкіндік беретінін таңдайды. Өткен аптада
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не электрмен жабдықтауды автоматтандырумен
айналысатын қазақ-ресей кәсіпорнының өкілдері арнайы келді. Қонақтар Шымкенттегі су тарту, жинақтау орнына барды.
Юрий Герасимов
Компания директоры
"Біз екі жүйені ұсынамыз. Біріншісі - су қабылдауды
автоматтандыру, екіншісі - тазарту қондырғыларын автоматтандыру. Бізде бәсекеге
қабілетті баға ұсыныстары бар, сонымен қатар біздің бағдарламаларымыз осы
саладағы ең озық тенденциялар мен ағымдарға сай келеді. Осы сапарымыздың нәтижесінде келісім-шарт
түземіз деп үміттенемін", - деді компания директоры Юрий Герасимов.
Айта өтейік, бүгінгі
таңда өзге компаниялармен де, өндіріс орындарымен, соның ішінде Өзбекстандық
әріптестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Таңдау, сөзсіз, ұсынылатын өнімнің сапасына және құнына байланысты жасалады.







