Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.04.2023
«Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы кәсіпорын мамандарының біліктігін арттырып,
кәсіби деңгейін көтеруге баса мән береді. Және бұл науқандық жұмыс емес.
Себебі, кәсіпорынның болашағы сол кәсіби мамандардың қолында. Осы мақсатты
жүзеге асыруда осыдан 4 жыл бұрын «Smart
маман» оқу орталығын ашты. Осы уақыт ішінде орталықта 1000-нан астам адам
білімін жетілдіріп, қайта даярлау арнаулы оқу курстарынан өтті. Ақпан айынан
мұнда жаңа оқу жылы басталды.
Ордабай СЕМБИЕВ «Smart маман» оқу орталығының директоры
Жаңа технологияны
меңгерген, цифрландыру негізінде өндірістің бүкіл процесін бақылауды жетік
білетін су, ағынды суды тазарту саласының мамандарын даярлау, біліктілігін
арттыру курстары 12, 20, 40 сағатта оқытылады. Кәсіпорын басымдық беріп отырған
Геоақпараттық жүйе арқылы гидравликаны, су қысымын бағамдап, өлшегіш құралдарын
қашықтықтан бақылау жағы оқу курстарына енгізіліп отыр. Дәл қазір мекеменің
инспектор-мамандары, аудандық су арналарының инженерлері оқу курсына қатысуда.
Қайрат Әшіров
«СРМ» ЖШС инспектор-маманы
Бізге өте тиімді
курстар бұл. Қазір біз ГИС жүйесін меңгеріп, оны жұмыс барысында пайдалану
жағын оқып жатырмыз. Жұмыс сапасын арттыруға өте қажетті тұстар көп. Бұл
курстар бізге өте қажет деп есептеймін. Жаңа технологияны меңгеріге
көмектеседі.
Екі айда
кәсіпорынның 141 қызметкері оқудан өтті. Оқуға күзетшіден бастап, барлық
саладағы бөлім басшылары, инженерлер, слесарьлар, жауапты мамандар – барлығы
қамтылған. Оған қоса, ЖОО мен ОАОО-ның студенттері, болашақ су мамандары шақырылады.
Оқу орындарымен келісім-шарт түзіліп, болашақ мамандарды осы бастан бейімдеу
көзделген.
Ордабай
СЕМБИЕВ «Smart маман» оқу орталығының директоры
Ғылыми зерттеу зертханаларында
жұмыс жүргізіп, болашақта көрші өңірлерден әріптестерді шақырғалы отырмыз.
«СРМ» ЖШС Оқу
орталығына алыс-жақын шетелдердің су мамандары да қызығушылық танытып отыр.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты