Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 10.04.2023
Ақтөбелік экологтар мұнай өндіретін елдімекендер арқылы ағатын бірнеше өзендердің сапасына наразы. Олар 4 ауылдағы жеті өзеннен сынама алып, суында аммоний азоты, хлоридтер, сульфаттар, магний, кальций сияқты ластаушы заттардың барын анықтады. Сарапшылар аммоний азотының су қоймаларына негізінен, мал шаруашылығы немесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ағындарынан келетінін айтады және хлоридтердің нормадан жоғары болуы өнеркәсіп қалдықтарынан болуы мүмкін.







