Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 10.04.2023
Жаңа құрылған "Тұран" ауданында тұрғындарға қызмет көрсететін мемлекеттік органдар толығымен құрылды. Орталықтандырылған кәріз жүйесіне бірінші кезекте Қазыбек би, 112-ші орам және Айқап-Бамдағы үйлерге қосылады. Аудан басшысы — Боранбай Болатбеков бұрын Шымкент қаласының коммуналды саласын басқарған, өзіне таныс бағыттардың басымдығын айқындады. "Айқап-Бам шағынауданындағы халықтың 50 пайызы орталық кәріз жүйесіне қосылған, жартысы әлі де септиктерді пайдаланады. Бүгінде ЖСҚ әзірленіп жатыр. Құны шамамен 2 млрд 300 млн теңгені құрайды. Кәріз мәселесі Тұранда ғана емес, бүкіл қалада өте өзекті. Жыл басында 150 мың текше метр кәріз суын тазарту қондырғыларының жаңа имаратының құрылысы басталды. Болашақта қала сыртында тағы бір жаңа кәріз тазарту қондырғысы салынады.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты