Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.04.2023
Қазіргі таңда
мердігер мекемелер су және кәріз желілерінің тозған бөліктерін ауыстырып, қайта
құру жұмыстарын бастады. Бұл жұмыстарға негізгі тапсырыс беруші - "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-гі. Желілерді ауыстыру және ондағы ықтимал апаттылығы
жоғары жерлерде және коммуникация жүйелерін пайдалану мерзімі белгіленгеннен
асып кеткен орындарда қолға алынады. Кәсіпорын өкілдері мердігерлер орындайтын
жұмыстардың сапасына күнделікті бақылау жүргізеді. Бұл жұмыстардың барлығы 2023
жылға арналған инвестициялық бағдарлама аясында жүргізілуде.
Бұлан
Тұрлыбеков «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС
күрделі құрылыс бөлімінің басшысы
Қазіргі уақытта біз нысандардың бірінде тұрмыз. Бұл - Айбергенов
өткелі. Мұнда диаметрі 100 мм кварталішілік су құбыры желісі ауыстырылуда, Ауыстырылатын
су құбырының жалпы ұзындығы 650 текше метр.
Айта өтейік,
Айбергенов өткеліндегі су құбыры 60 жылдан астам уақыт бойы қолданыста. Жөндеу
жұмыстары алдағы мамыр айында аяқталады. "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС бекіткен инвестициялық бағдарламаға сәйкес, Шымкенттің басқа тұрғын
алаптарында да осындай жұмыстар қолға алынған.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты