Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 13.04.2023
Ал, осы кезде ағынды сулардың 80% - дан астамы қоршаған ортаға тазартусыз немесе қайта пайдаланбай ағызылып жатады. Соңғы табиғи апаттардың төрттен үші су тасқыны, құрғақшылық және дауылды қоса алғанда, сумен тығыз байланысты. Бұл апаттар миллиондаған адамдардың өміріне әсер етті және соңғы 20 жылда 700 миллиард долларға дейін экономикалық шығын келтірді. 2050 жылға құрғақшылыққа тап болатын аумақтардың қатары 5 есеге көбейеді және қазірдің өзінде 5,7 миллиард адам су тапшылығы бар аудандарда тұрады деген болжам бар. Су тасқынынан зәбір көретін адамдардың саны шамамен 1,6 миллиардқа жетуі мүмкін. Су ресурстарын пайдалану және қалпына келтіру саласындағы бүгінгі жағдай халықаралық қоғамдастықтың тұрақты даму мақсаттарының біріне қол жеткізе алмай отырғанын аңғартады: 2030 жылға ауадай қажетті ылғал мен санитарияның өз деңгейінде болуы үшін оны ұтымды пайдалану керек. Бұл дегеніміз, бар мүмкіндікті пайдалану және жылдамдатуға тура келеді. "Біздің бар арманымыз – жаңбыр мен су". Бұл сөздерді екі жыл бұрын Арал қаласынан келген балықшы айтқан еді. Әлемдегі төртінші саналатын көл бүгінде толығымен тартылып кеткен. Қазақстан Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру бойынша біраз шараларды қолға алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су мәселелерін неғұрлым интеграцияланған, кешенді шешу қажет екенін, осыған байланысты жаңа Су кодексін әзірлеуді тапсырды. 2021 жылы елде климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша жеке тарау енгізілген жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Оның шеңберінде Су ресурстары климаттың өзгеруіне өте тәуелді және бейімделу шараларын қажет ететін сектор саналады.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты