Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 13.04.2023
Әсіресе, облыс орталығына жақын орналасқан Жамбыл және Байзақ аудандарының тұрғындары үшін бұл мәселе - ауыз су сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы алқаптарының батпақтануы және ауылдарды су басуы да бас ауруға айналды. 2019 жылы осы мәселе бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жобасы әзірленіп, "Мемсараптама" РМК қарауына жіберілді. Алайда, осыдан кейін тазарту құрылыстарын дамыту мен жаңғыртуға жобалық құжаттаманы әзірлеуге уақытша мораторий жарияланды, бұл мәселені шешуді тағы да тежеді, – деді Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Арсен Латыпов жақында өткен брифингте. Ағынды су тоғандарына кәріз суы жобалық сыйымдылығынан 1,5 есе көп түседі, сол қоршаған ортаға айтарлықтай зиянын келтіруде. Зертханалық зерттеу нәтижесінде ағынды суда қатты заттар рұқсат етілген нормативінен 69 есе, аммоний азоты 1,6 есе, нитраттар 2,4 есе асып кеткені анықталды. Осылайша, ауылды жерлерде қалыптасқан экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдай халықтың наразылығын тудырады. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің өкілдерімен кәріз-тазарту құрылыстарын салуға қаражат бөлу бойынша келіссөздер жүргізуде. Облыстың экология департаменті қалада қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес келетін құрылғыларды салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге техникалық тапсырманы келісті. Тұрғындар проблемадан арылуға көмектессе екен деп тілеп отыр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты