русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 13.04.2023

Инвестициялық бағдарлама аясында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қаланың тұрғын алаптарында су құбыры және кәріз желілерінің тозығы жеткен бөліктерін жаңартуды және ауыстыруды қолға алған. Мысалы, бүгін "Күншығыс" шағынауданында диаметрі 200 миллиметрлі су құбыры желісі ауыстырылды.

Реконструкцияланатын су құбыры желісінің ұзындығы 1400 шаршы метрді құрады, бұл жұмыстарды "Қызыл Жебе"мердігерлік ұйымы істеуде. Мамандар жаңа желіні төсеу кезінде көлденең бағытталған бұрғылау қондырғысын пайдаланады. Оның тиімділігі сол,  жер бетін қопарып, бұзбай, сол аумақты ғана тесіп, желі өткізеді. Осылай, жұмысшылар тротуар мен жолдың беткі қабатын толығымен сақтап алады. Аталған жұмыстар барысын кәсіпорын тоқсан сайын өткізетін Ақпараттық тур қатысушылары да байқады.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мердігерлер компанияның жұмыс сапасын жіті қадағалайды. Осы орамішілік желіні пайдалануға бергеннен кейін мердігер кепілді жауапкершілікке тартылады және апатты жағдай бол қалса, "Қызыл Жебе" компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын өз есебінен жүргізетін болады. "Күншығыс" шағынауданындағы су құбырын қайта жаңарту жұмыстары алдымыздағы шілде айында аяқталады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары