русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 17.04.2023

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әр тоқсанда ақпараттық тур ұйымдастырады. Бұл жолы кәсіпорынның сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарымен танысуға Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы, бірқатар мүшелері және көпқабатты үй төрағалары, төрайымдары шақырылды. Ең алдымен олар тұтынушыларға қызмет көрсетуші кәсіпорынның жүрегі саналатын – диспетчерлік қызмет Орталығында болды. Қаладағы әр ауданда су қысымының өзгерісін бақылау, реттеу, апатты жағдайлардың алдын-алу, бригадалар қозғалысын бақылау және су өлшегіш құралдарының автоматтандырылған жүйесі бойынша толымды ақпарат берілді.

Бақытжан Ирматов

 Өлшегіш құралдарын бақылауды автоманттандыру бойынша «Энергия» ЖШС директоры

Көпқабатты үйлердің тұрғындары қанша мөлшерде су тұтынып отырғаны осылай автоматты түрде бақыланады. Анықтап, өз кезегінде тұтынушылар хабардар етіледі.   

Берілген ақпарат төңірегіндегі сауалдарға сол мезетте жауап берілді. Мұнан соң қонақтар Су сапасын бақылайтын Сынақ зертханасына барды. Сіз бен біз күнделікті тұтынатын ауыз судың сапасын тексеріп, бақылап отыратын технологтар жұмысын олар көзбен көрді. Қаланы таза сумен қамтуда су жиналатын 5 орыннан сынама алып, оны 30-дан астам ингредиенттерге тексеру барысы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Гүлжан Жауылбаева  Зертхана басшысы

2004 жылдан біздің кәсіпорын хлордан толығымен бас тартты. Бүгінде таблеткалы тұзды пайдаланып, суды зарарсыздандырамыз. Қалаға келетін суда хлор жоқ деп нақты айта аламын.

Бауыржан АЛТЕЕВ

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы, Кәсіподақ ұйымының төрағасы

Бүгінгі турда өзіме көп жаңалық алдым. Суды жаңа технологиямен зарарсыздандыру жасалады екен. Және мысалы, қазір барлық үйде фильтр қояды. Соның қажетсіздігіне көз жеткіздім. Судың құрамындағы элементтер адам ағзасына керек. Тағы да сол графинге суды алып қойып, ішетін болдым.

  Гүлбаршын Иманқұлова

          үй төрайымы  

Много раз мы думаем...до довольны работой

Ақпараттық тур барысында қонақтар қаладағы Ағынды су тазарту құрылғылары кешеніндегі ауқымды жұмыстармен де танысты.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары