русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 18.04.2023

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де 30-40 жыл еңбек еткен кәсіби мамандар аз емес. Олардың бірі – ағынды суды тазарту құрылғылар кешенінің бас технологы Назым Жүнісованы кәсіпорын басшылығы құрметпегн зейнеткерлікке шығарып салды.

 «Көп мемлекеттерден біздің кешеннің жұмысын көруге арнайы келеді. Өзбекстан, Тәжікстан, Ресейден. Еліміздің барлық өңірлерінен келіп, тәжірибемізді көреді. Жақында республикалық ЖКХ-дан басшы орынбасары келіп көрді. Бұрынғы Премьер-министр және 5 министр жұмысымызды көріп, тәнті болған. Міне, сол жүйелі жұмыстың басы-қасында жүрген мықты кадрымыздың бірі – осы Назым Мұқаевна. Еңбегіңізге мың алғыс. Әлі де жұмыс істеуге шақырамын. Оқу орталығында дәріс беріңіз. Қол үзбеңіз бізден».  

Анарбек Орман

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры

Расында, кәсіпорынның бас технологы Назым Жүнісованың еңбегі орасан. 1982 жылы ЖОО-нын бітірген жас маманды басшылық компанияға жұмысқа қабылдап, қолдау көрсетті. Осы онжылдықтарда ол ағынды су тазарту кешенінің барлық тұсын меңгеріп, бас технолог дәрежесіне көтерілді. Тәжірибелі технолог үшін кәсіпорын – өмір мектебіне айналды. Ондаған мамандарға кәсіби бағдар берді.

 «Сіздерге айтар алғысым шексіз. Су арнасы мекемесі – менің екінші үйім десем артық айтпаймын. Әрбіріңізге рақметімді айтамын. Тәжірибе жинап, біліктігімді арттыруға мүмкіндік берген басшылыққа, қолдау білдірген әріптестеріме ризамын».

Назым Жүнісова «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас технологы

Кәсіпорын басшылығы зейнеткерлікке шыққан Назым Жүнісованы құттықтап, «Су арнасының үздігі» медалін және арнайы сыйлығын табыстады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары