русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 18.04.2023

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС 2023 жылға бекіткен Инвестициялық бағдарламасы аясында қаланың тұрғын алаптарында су құбыры және кәріз желілерінің тозығы жеткен бөліктерін жаңартуды және ауыстыруды қолға алды. Мысалы, жақында "Күншығыс" шағынауданында диаметрі 200 миллиметрлі су құбыры желісі ауыстырылды. Жұмыстардың барысы Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері мен үй төрағаларына көрсетілді.

Бұлан Тұрлыбеков "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің басшысы

Реконструкцияланатын су құбыры желісінің ұзындығы 1400 шаршы метр. Жұмыстарға жауапты "Қызыл Жебе"мердігерлік ұйымы. Мамандар жаңа желіні төсеу кезінде көлденең бағытталған бұрғылау қондырғысын пайдаланады. Оның тиімділігі сол,  жер бетін қопарып, бұзбай, сол аумақты ғана тесіп, желі өткізеді. Осылай, жұмысшылар тротуар мен жолдың беткі қабатын толығымен сақтап қалады.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мердігерлер компанияның жұмыс сапасын жіті қадағалайды. Осы орамішілік желіні пайдалануға бергеннен кейін мердігер кепілді жауапкершілікке тартылады және апатты жағдай туындаса, "Қызыл Жебе" компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын өз есебінен жүргізеді. "Күншығыс" шағынауданындағы су құбырын қайта жаңарту жұмыстары биылғы шілде айында толығымен аяқталады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары