русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 21.04.2023

«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС басшылығы жыл сайын айлардың сұлтаны - Ораза кезінде кәсіпорын қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Әдемі дәстүр биыл да жалғасын тапты.

Анарбек Орман

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры

Ораза айымен құттықтау, ниеттеріңіз қабыл болып, ұл-қыздарыңыз бақытты болып өссін.

Қасиетті Рамазан айының басында басқарма ғимаратында Садақа жәшігі орнатылған болатын. Кәсіпорын қызметкерлері бітір-садақасын салып, нәтижесінде 300 мыңға жуық қаражат жиналды. Әріптестердің бір-біріне деген қамқорлығы мен мейірімділігін арттыруды мақсат тұтқан шарада 30 қызметкерге азық-түлік себеті үлестірілді. Бұл негізінен көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы отағалары мен отаналары.

Жүрсінкүл Сармырзаева бақылаушы-инспектор

Алғысымды білдіремін

Сайфилла Қамшыбеков Ағынды су тазарту құрылғылар кешенінің жұмысшысы

  Көп рақмет. Осындай көмек жылда көрсетіледі бізге     

Кәсіпорын басшылығы қызметкерлеріне тек мерекеде ғана емес, күнделікті қолдауын білдіреді. Нарық қыспаққа алған тұста түскі асты өте тиімді бағада ұйымдастыру, еңбек ардагерлеріне көңіл бөлу, әр мерекеде, туған күндерінде заттай, қаржылау көмектесу – жазылмаған заң іспетті қалыптасқан үрдіс. Өндіріс орнындағы мұндай игі тірлік ұрпақтар сабақтастығының жақсы үлгісі деуге болады.  

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары