Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.04.2023
Бұл - Шымкенттің стратегиялық
нысандарының бірі. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ағынды су тазарту
құрылғылар кешенінің - қаламыз үшін өте маңызды жобаның жұмысын бұл жолы
қалалық қоғамдық кеңес мүшелері мен көпқабатты үй төрайым, төрағалары
ақпараттық тур аясында арнайы барып көрді. Қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше
метр шайынды суды тазартуға қауқарлы кешен құрылғылары тәулік бойы, жыл он екі
ай жұмыс істейді. Тәжірибелі инженер-технолог Игорь Анатольевич қонақтарға
өндірістің әр цехы мен құрылғысының мақсатын жіті түсіндіріп берді.
года выделили огромные средства...
Қазақстанда
шайынды суды тазарту саласында
проблема көп. Қазір аталған сала өте өзекті боп тұр. Ал, Шымкенттің
кәріз-тазарту құрылғылар кешені еліміздегі жұмысы жүйелі, нәтижелі кешен, үздіктердің
бірі. Орталық Азияда биогаз қондырғысымен жабдықталған бірегей нысан. Тазарту
құрылғылары кешеніне еліміздің өзге өңірлерінен, тіпті, алыс-жақын шетелдерден
арнайы келетін мамандар тәжірибе алмасады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің кешен
жұмысына кеуілі толды.
Исмаилбек Шалабаев
Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі
Бүгінде кешенді кеңейту
жобасы қолға алынған. Қаланың даму жоспарына сәйкес, солтүстік бөлігінде
көпқабатты үйлердің құрылысы қарқын алған. Жеке сектордың да ауқымы азайып
отырған жоқ. Яғни, тұтынушылар саны күннен-күнге өсіп отыр. Осы негіздемелерге
сүйене отырып және Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің "Жасыл
қалалар" бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласының кәріз жүйелері
кешенінің қуатын 50 мың текше метрге ұлғайту жобасы мақұлданды. Ұлғайтылған кешен
толығымен 2024 жыл соңында пайдалануға беріледі.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты