Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 23.04.2023
Әйтпесе, Қазақстан коммуналды қызмет көрсетуде инфрақұрылымсыз қалады, деп ескертті.
"Барлық елдерде отын бағасы біздікінен жоғары – яғни, мемлекеттік субсидияларымыз басқа елдердің экономикасына түсіп жатыр. Біз тарифтерді біртіндеп көтеріп, оларды нарыққа жақындатамыз, басқа жағдайда барлық қалалар мен ауылдарымыз инфрақұрылымсыз қалуы мүмкін. Тарифтерді көтеруден түсетін қаражат тек коммуналды инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталуы тиіс. Сондай-ақ, жаңа энергия көздерін іске қосуға және жұмысшылардың жалақысын көтеруге назар аудару қажет. Монополиялардың міндеттемелері мұқият зерделеніп, толық орындалуы тиіс", - деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы "Самұрық-Қазына" қоры есебінен бағалар мен тарифтерді өзара субсидиялауға 1 трлн теңгеден аса қаржы жұмсалғанын атап өтті.
"Бұл - нарықтық экономика принциптерінің анық бұрмаланғанын көрсетеді. Сонымен қатар, бағалар мен тарифтерді айқас субсидиялаудан бас тарту керек. Ең алдымен тұтынушылардың нақты топтарының табыс деңгейін ескеру қажет", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке басқарудың цифрлық жүйесін енгізе отырып, ТКШ қызметтеріне ақы төлеу ретінде түсетін қаражаттың жұмсалуына қатаң бақылау енгізуді тапсырды. Президенттің мәліметінше, Қазақстанның ЖЭО жартысынан астамы қиын жағдайда. Кейбір қалаларда жылумен жабдықтау инфрақұрылымының 80% - дан астамы тозған, ал жалпы, республика бойынша жылу желілерінің 54% -.ы жарамсыз күйде тұр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
41.0%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты