Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.04.2023
Үйішілік
желілерді шұғыл түрде бақылауға алу керек!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де әр жылы тозығы жеткен
желілерді ауыстыру жоспары бекітіледі. Қазіргі таңда қаладағы жалпы су құбыры
желісінің 46 пайызын алмастыру қажет, яғни мыңнан астам үйлердің желілері
жарамсыз күйде.
Бекжан
Ешімбетов «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директорының орынбасары
Көпқабатты үйлердің тұрғындары үй ішіндегі желілерді өз
есебінен жөндеуі керек. Өйткені, бұл пәтер иелерінің ортақ меншігі. Алайда, көп
тұтынушылар үй ішілік желідегі орын алған ақауға байланысты кәсіпорынға
жүгінеді. Кәсіпорын үй ішіндегі жүйені ретке келтіру, жөндеумен айналыспайды.
Пәтер иелерінің бірлестіктері (МИБ) және өзін-өзі басқару органдары белсенді жұмыс
істемейінше, бұл мәселе өзекті бола бермек.
Бекжан
Ешімбетов «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директорының орынбасары
Жақында кәсіпорынның жауапты мамандары қаладағы Еңбекші
және әл-Фараби аудандарында пайдалану мерзімі 40 және 50 жылдан асқан бірнеше
үйлердің жағдайын көріп шықты. Олар су желілерінің (стояктар) біраз бөлігін
кесіп, құбырлардың жарамсыз бөлігін алмастырды. Себебі, шіріген бөліктерінен
тиісті көлемде су өтпей қалған. Нәтижесінде құбыр диаметрі айтарлықтай
тарылған, тотыққан бөліктерде қақ жиналып қалған. Мұның бәрі су жинақтау
орындарынан жеткізілетін судың сапасына және қысымына әсер етеді. Мұндай тозған
құбырлар кез келген уақытта түрлі
жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жуырда Кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне Тәукехан 61
–ші мекенжайдан сегіз пәтерлі тұрғын үйдің су құбыры желісінде апат болды деген
өтінім түсті. Бұл да тұрғындардың өзінің
қарауындағы үйішілік су құбыры желілері. Оның үстіне, құбырларға жақындауға
мүмкіндік жоқ. себебі бұл желілер талапқа сай орналаспаған. Ережеге сәйкес, бұл
құбырлар үй іргетасының астында емес, жертөле арқылы өтуі керек. Мекеме
техниктері су беруді тоқтатты және мәселе шешілгенге дейін тұрғындар қиналмас
үшін үй ауласында уақытша ауыз су бағанын жасап берді. Негізінде мұндай
мәселелерді аудандық әкімдіктер өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп шешуі
тиіс. Мұның бәрі "Су кодексінде" және Ұлттық экономика министрлігінің
(2015 жылғы 28 ақпандағы) № 163 бұйрығында нақты жазылған.
Егер тұрғындар мұндай проблемаларды өздігінен шеше
алмаса, Су-ресурстары-Маркетинг мекемесіне емес, аудан әкімдігіне хабарласуы
керек. Таукехан көшесі 61-ші үйдегі жағдай, өкінішке қарай, басқа да көп
үйлерде жиі кездеседі. Аудан әкімдіктері бұл мәселеге бейжәй қарамауы керек,
әйтпесе үйішілік желілердегі апаттардың соңы, үлкен шығынға әкелуі мүмкін.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты