Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 23.04.2023
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізіп, өңір экономикасын әртараптандыруға басымдық беру керектігін айтты. "Ол минералды-шикізат базасын кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, Ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы жобаларды іске асыруға бағытталуы тиіс. Осыған байланысты инвестиция тарту - ең басты мәселе", - деді Әлихан Смайылов. Премьер-министр халықтың табысын арттыру мәселесі бағаның өсуімен тікелей байланысты екенін айтты. Бүгінде өңірде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің тек үш түрі ғана өндіріледі.
Премьер–министр өңір халқының ең өзекті мәселелерінің бірі, әсіресе Жезқазған және Сәтбаев қалаларында халықты сапалы ауыз сумен қамту екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылы Үйтас-Айдос жер асты сулары кен орнының сорғы станциясын қайта құру жұмыстары басталды. Жоба 2024 жылы аяқтлады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, сақалды құрылысқа айналған Эскулинск су құбырының құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Облыста 72 ауылдың тек 38-і ғана суға қол жеткізген.
"Әкімдік жергілікті бюджетте 30 ауылды кешенді блок-модульдермен жарақтандыруға қаражат қарастыруы қажет. Қалғандары бойынша-республикалық бюджеттен кейінгі қаржыландыру үшін ЖСҚ әзірлеуді жеделдетсін",-деп тапсырды премьер-министр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.4%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.9%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.0%
БАҚ
14.5%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5803
дауыс мұрағаты