Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.04.2023
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің
басшылығы жастарды техникалық мамандықтарға бейімдеу бағытында дуалды оқыту
мектеп қабырғасынан басталуы керектігін барынша қолдайды. Бүгінгі таңда
қаладағы жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге
бағытталған «Болашаққа қадам» жобасы қолға алынған. Қалалық Жастар ресурстық
орталығы ұйытқы болып отырған іс-шараларға бұл жолы №99 мектеп-гимназиясы мен Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектебінің
10 сынып оқушылары қатысты.
Кәсіпорын мұражайында оқушылар
мекеме тарихы, суды өндіру,
желілер арқылы тартылатын суды
зарарсыздандыру, шайынды суды тазарту кешені, оның жұмысы туралы мағлұматқа
қанықты. Сонымен қатар, олар жаңа технологиялар енгізілген бағыттар бойынша
ақпарат алды.
Ұл-қыздар мұнан соң су сапасын бақылау, қадағалаумен айналысатын мекеме
зертханасының жұмысын көрді. Зертханада су қабылдағыш нысанының
қызметімен және насосты стансалардан алынған су сынамасын тексеру және күнделікті істелетін тынымсыз жұмыстары
туралы да білді.
Құрманәлі Азамат №99 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы
Шымкенттік мектептер, лицей, гимназия
оқушылары кәсіпорынға ай сайын экскурсия жасауды әдетке айналдырған. Айта
кетейік, мұражайға оқушылар мен қатар ЖОО, орта арнаулы оқу орындарының
студенттері және ұстаздары да келеді. Ғылыми жұмыстарын жазуда кәсіпорынның
техникалық базасы негізінде қаланы сумен қамту, ағынды суды тазарту құрылғылары
бойынша кең көлемде мәліметтер алады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты