Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 25.04.2023
Мұндағы басты міндет – су ресурстарының тапшылығын азайту. «Климаттың өзгеруі мен шекаралас елдердің ұстанатын саясатын ескере отырып, Жаңа Кодекс су тапшылығын азайтуға септігін тигізуі қажет», – деді Мемлекет басшысы. Жаңа Су кодексі 2023 жылы Парламент қарауына ұсынылады. 2003 жылы қабылданған Су Кодексі Су ресурстарын үнемдеуге және оларды тиімді пайдалануға кең мүмкіндік бермейді. Ескі құжатта су деген ұғым алдымен өндіріс факторы ретінде ғана қарастырылып келген. Ауа райының өзгеруі, су саласындағы қордаланған мәселелер елдің де әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі болады. Қолданыстағы кодекске он жеті жыл ішінде 62 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде құқық қолдану реттілігінің жоғалуы байқалады. Халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанда суды тұтыну 2040 жылға қарай 46%-ға өседі, су ресурстарының тапшылығы жылына 12 км3-ке дейін жетуі мүмкін. Тапшылық негізінен іргелес мемлекеттерден ағынның азаюына байланысты болады. Суды пайдаланудың негізгі үлесі ауыл шаруашылығына тиесілі – бұл жалпы суды тұтынудың шамамен 65% құрайды. Жыл өткен сайын бұқара халықтың суға деген қажеттілігін қамтамасыз ету су тапшылығының өсуіне байланысты күрделі міндетке айналуда. Республика аумағындағы мөлдір судың қаттығы өзен-көлдердің ластануымен күшейе түсті. Су заңнамасындағы жаңа нормалар жеке тұлғалардың, фермерлер мен кәсіпорындардың тиімді су тұтынуын, сондай-ақ кәсіпорындарда және тұрғын үй-коммуналдық салада суды пайдалану мен тазалаудың тұйық циклін ынталандыруы тиіс. Осылайша, мемлекеттік органдардың су ресурстарын есепке алу және мониторингілеу жөніндегі құзыретін нақты айқындау, барлық деректерді жинақтау, бағалау және болжамдар жасау үшін гидрологиялық орталық құру мәселесін шешу ұсынылады. Бұдан басқа, салық заңнамасына салық төлеушілерге жаңа су үнемдеу, тазарту технологияларын енгізу, судың нақты экономикалық құнын белгілеу үшін су ресурстарының тарифтік тәсілін қайта қарау туралы ұсыныс бар.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты