Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.05.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС тұтынушыларға 2022 жылы
атқарылған жұмыстары бойынша
есеп берді
1 млнға жуық халыққа
сумен қамту
және су бұру қызметін ұсынатын кәсіпорынның жылдық есебі ашық форматта өтті. Іс-шараға үй
және көше комитеттерінің төрағалары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қалалық
мәслихат депутаттары, журналистер және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу
комитетінің Шымкент қаласы
бойынша департамент
басшысы Дархан Қайынбердиев шақырылды. Есепті тыңдауға кәсіпорынның ФБ әлеуметтік желісіндегі ашық парақшасы
арқылы әлеуметтік желі пайдаланушылары да мүмкіндік алды.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Анарбек Орман қатысушыларға 2022
жылы кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы баяндады.
«Су ресурстары-Маркетинг»
ЖШС Бас директоры
Сонымен бірге, 2022
жылы қала аумағында су қысымын реттегіш қондырғылары да орнатылды. Және су
сапасын бақылау нүктелерінен сынамаларды алу, оларды 44 бірдей көрсеткіш
бойынша тексеруге мүмкіндік бар. Сала мамандары қол жеткізген тағы бір тұс –
тұтынылған су көрсеткіші туралы мәліметтерді қашықтықтан бақылау. Су шығынын
азайтуға негіз болған да сол желілерді жаңарту, қайта құру жұмыстары.
Инвестициялық бағдарламаны іске асыруда биылға да нақты жоспар құрылған.
Жалпы, елімізде
инженерлік желілердің тозығы жетіп тұрғанын Мемлекет басшысы бірнеше рет
көтеріп, коммуналды сала басшыларына, мамандарға нақты тапсырма берді. Бұл
көрсеткішті алдағы жылдары 15 пайызға дейін төмендету керек. Оны қалпына
келтіруге инвестицияның қажет екені анық. Оған қоса, тағы бір өте маңызды,
әлеуметтік мәселе бар. Су және кәріз желілері бойынша авариялық-қалпына келтіру
жұмыстарын жүргізетін мамандардың және инженерлік құрамның жалақысы кәсіпорында
150 мың теңгеден аспайды. Табысы төмен мамандар салада тұрақтамайды. Басқа
өңірлерде ол екі немесе 3 есе жоғары. Осы мәселе бойынша есеп беру жиынында
біраз пікірлер айтылды. Нәтижесінде Су арнасы Ассоциациясы мен салалық
министрлікке ұсыныс жазылатын болды. Кәріз желілерін жаңартуда да мәселе бар.
Жалпы, канализация желілерінің тозығы жеткен бөлігі бойынша бүкіл республика
қызыл аймақта тұр екен.
Дархан Қайынбердиев
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша
департамент басшысы
Анарбек Орман «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры
Біраз сұрақтар
қатысушылар арасында қызу пікірталас тудырды, осы мәселелерді нақты шешу үшін
бірқатар ұсыныстар жасалды. Анарбек Орман кездесуге келген
тұтынушылардың барлық сұрақтарына
жауап берді.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты