Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 02.05.2023
Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай дерек келтірді, деп хабарлады ҚазАқПарат. 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ын таза ауызсумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қазір қалаларда бұл көрсеткіш - 98%, ауылдарда - 94%-ды құрап отыр. Елдегі су ресурстарының тапшылығын шешу – маңызды проблемалардың бірі. Нақты мысал - Ұлытау облысындағы Эскулинск су құбыры, Қызылорда облысындағы Талап су құбыры, Пресновск су құбыры және Солтүстік Қазақстан облысындағы Соколов су құбырының екінші кезегі. Сонымен қатар, инфрақұрылымның қатты тозуына байланысты сусыз қалу жағдайлары жиілеп кетті. Тек сәуір айында бірнеше елдімекендерде апаттар болды. Абай облысындағы ауылдардың бірінде су мұнарасы құлады. Бірнеше күн бойы құбырлардағы екпіннің салдарынан Балқаш, Семей және Ақмола облысын ауылдарында тұрғындары сусыз қалды. Астананың өзінде де су тапшылығы қатты сезіліп отырғанын айтты. «Бұл ретте, суды үнемдеу маңызды мәселе болып отыр. Өкінішке қарай, көптеген азаматтарымыз суды үнемдегісі келмейді. Бұл мәселені шешу үшін саланы цифрландыру және тиімді тарифтерді енгізу қажет. Осы мәселенің бәрін жаңа Су кодексі мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде ескеруіміз қажет», - деді Әлихан Смайылов.
Ал, Экология және табиғи ресурстар министрі Астанадағы су тапшылығын жою бойынша жоспар дайын екенін айтты. Экология министрлігі әкімдікпен бірге Қаныш Сәтбаев каналы мен Нұра жер асты суы кен орнының ресурстарын пайдалануды көздеп отыр. "Бұл резервтік жерасты көзін тарту, Есіл өзені арнасының көзін нығайту және Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан су құбырын салу жұмыстары. Сонымен қатар, биылғы жылы су тапшылығы мен оның кейінгі салдарын ескере отырып, Сәтбаев атындағы каналдан Есіл өзені мен Нұра өзені бойынша қосымша көлемдерді көшіру туралы шешім қабылданды. Және Астана су қоймасының түбіндегі шөгінділерді тазарту қажет", - деп түсіндірді министр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты