Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 02.05.2023
Қаланы сумен қамтитын «МАЭК» комбинаты енді тал-теректерді суғаруға су бермейтінін мәлімдеді. Ақтау қаласының әкімдігі көшелер, саябақ пен жасыл желекті әзірге қыста жинаған сумен суармақшы. Ол таусылса, жерасты суын пайдалануды жоспарлап отыр. Ал әуежайға баратын жол бойындағы ағаштарды тазартылған кәріз суымен нәрлендірмек. «Қыста қала аумағында жерасты суымен суаруға ыдыс салдық. Көлемі 750 текше метр су мөлшері сиятындай. Қазіргі таңда шағын аудандардың ішін, периметрлерін солармен суаруға жұмыс істеп жатырмыз. Оның барлығын арнайы техникамен тасимыз. Тазартылған сумен тек Ақтау әуежай жолындағы ағаштарды суарамыз. Қазір өзіміздің тиісті насостарымызды қойдық», - деді компания директоры Айбек Ербөлеков.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты