Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.05.2023
Шымкент
кәріз-тазарту құрылғылары кешенінің аумағында құрылыс жұмыстары қыза түстьі.
Қазіргі уақытта бірнеше гидротехникалық құрылғыларға арналған шұқырлар дайындалып қойды. Бұл -
аэротенктер, бастапқы және қайталама тұндырғыштарға арналған орын. Жер қазу
жұмыстарына 15 арнайы техника жұмылдырылған, мердігер мекеме мамандары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Шұқырлар мамыр айының соңына дейін толығымен дайын болуы керек. Онан кейін
арматуралау және бетондау жұмыстары басталады. Артынша, технологиялық
тізбектер, қондырғылар мен жабдықтар орнатылуы тиіс. Тазартылатын шайынды су
көлемін тәулігіне 50 мың текше метрге
ұлғайту үшін қажетті қосымша қуат көзі кешеннің жалпы схемасына енгізіледі. Нәтижесінде,
ағынды суды өңдеудің тәуліктік қуаты 200 мың текше метрді құрайды.
Естеріңізге сала
кетейік, Шымкенттегі шайынды су тазарту құрылғылары кешенінің қуатын арттыру
жұмыстары 2023 жылдың қаңтарында басталған болатын. Құрылыстың басталу шарасына
қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Ауқымды құрылысқа қаражат "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС мен Еуропалық Қайта Құру және даму банкі
арасындағы келісім негізінде бөлінді. Оған қоса, ел Үкіметі тарапынан субсидия
бөлінді. Кешеннің қуаттылығын арттыру жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарланған.
барлық дауыс: 5545
дауыс мұрағаты