Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 03.05.2023
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында Министрлік Су кодексіне сәйкес елдімекендердің шекарасына дейін сумен жабдықтау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып саналатынын айтты.
Биылғы жылы 2010 жылы басталған Есқұла су құбырын пайдалануға енгізу жоспарланған. Сонмен қатар, Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 27 нысанды іске асыруға 19,1 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінген. Министрлік халықты сапалы ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету үшін топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жобаны іске асыруды жоспарлауда. Нәтижесінде саны 22,3 мың адам болатын 41 ауылдық елдімекенге сапалы ауыз су беруді қамтамасыз ету көзделген. "Жалпы алғанда, 2025 жылға қарай 1,2 мың шақырымға жуық топтық су құбырларын салғаннан кейін 22,3 мың адамнан тұратын 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және 33,0 мың адамнан тұратын 52 ауылдық елдімекенді сумен жабдықтауды жақсарту жоспарланып отыр", - деді З.Сүлейменова.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
39.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.7%
Жолым түскенде төлеймін
19.8%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.5%
барлық дауыс: 5370
дауыс мұрағаты