русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 03.05.2023

Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады zakon.kz. Қазір бұл көрсеткіш қалаларда - 98%, ауылдық елді-мекендерде 94%-ті құрап отыр. Әлихан Смайыловтың сөзінше, аса маңызды жұмыстардың бірі – елдегі су ресурстарының тапшылығын шешу. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз су мәселесін шешуді талап етеді. Тіпті Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Бұл ретте суды үнемдеу маңызды сұрақ болып отыр", - деді Смайылов. Премьер-министрдің сөзінше, өкінішке қарай, көптеген азамат суды үнемдегісі келмейді. Бұл мәселені шешу үшін саланы цифрландыру және тиімді тарифтерді енгізу қажет. "Осы мәселенің бәрін жаңа Су кодексі мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде ескеру қажет. Бұдан басқа, әлі шешімін таппаған бірқатар жүйелі проблемалар бар. Мысалы, кей өңірлерде су тазарту құрылысын салу созылып кетті. Ақмола облысында бұл жұмыс 10 жылдан бері бітпей келеді. Іздестіру-барлау жұмысы да уақытында басталған жоқ. Қарағанды облысында конкурстық рәсімдер енді ғана өткізіліп жатыр. 
Сумен жабдықтау жүйесінде техникалық ақаулардың орын алуына негізінен инфрақұрылымның тозуы мен күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі себеп болып отыр. Мысалы, сәуір айында магистральдық құбырдың жарылуынан Балқаш қаласы бірнеше күн бойы түгелдей ауыз сусыз қалды", - деді Премьер-министр. Абай облысындағы Андроновка ауылында су мұнарасы құлап, жергілікті тұрғындар суды тасып ішуге мәжбүр болды. Семейде су арнасындағы авария 70-тен астам үйді сусыз қалдырды. Сонымен қатар магистральдық құбырдағы авариядан Ақмола облысының 11 елді-мекеніне су берілмей қалды. 
Сонымен бірге Әлихан Смайылов мына мәселелерді атап өтті: Индустрия министрлігі Экология министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, еліміздегі сумен жабдықтау инфрақұрылымына мониторинг жүргізіп, 1 ай мерзімде үкіметке апат қаупі аса жоғары объектілердің тізбесін енгізуі тиіс. Суды ұтымды пайдалану мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Индустрия және Экология министрліктерімен бірлесіп, 1 ай мерзімде суға жаңа тарифтік саясатты енгізу бойынша нақты ұсыныстар енгізуі қажет. Экология министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары созылып кеткен барлық ауыз су жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуі керек.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары