Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 04.05.2023
Тұрғындар үй ішінде
қозғалу үшін резеңке етік киюге мәжбүр болды. Олардың айтуынша, мұндай
жағдайдың болуы бірінші рет емес. Ол аз дегендей, коммуналды қызмет көрсетуші
мекемелер көмекке асықпайды. Жауапкершіліктен бас тартады, бір-біріне сілтейді.
Себеп біреу -
кенттегі кәріз желілерінде апат болды, - деп түсіндірді "Өскемен-су
арнасы" мамандары. «Өскеменнің оң жағалауынан ағынды су ағызуды қамтамасыз
ететін қысымды кәріз коллекторында апат болған. Коллектор соңғы рет 2005-2009
жылдар аралығында жөнделген. Онда да біраз учаскелері ғана. Қазіргі жағдайда
пайдалану қызметі авариялық учаскені ажыратып, резервтегі құбырды іске
қосады»,-деп түсіндірді коммуналдық кәсіпорынның баспасөз қызметі. Тұрғындарға
үйлер мен аулалардан сарқынды суды тартып, тазалауға көмек көрсетілді, тек
инженерлік желілердегі жөндеу аяқталғаннан кейін ғана.
Бұған дейін жылдар
бойы пәтерлерінде қолаңса иістен құтыла алмаған астаналықтар ағынды суға толы
жертөлелерден зардап шегіп, талай рет шағымданған.
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты