русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 04.05.2023

 Кәріз-тазарту құрылғылары кешенінде күкіртті тазарту станциясының құрылысы аяқталды. Мұнда жаңа жабдық орнатылды. Қазіргі кезде барлық тораптар мен агрегаттарды іске қосып, тексеріліп жатыр. Толыққанды тексерілген соң тазарту қондырғылары кешенінің жұмыс схемасына қосылады.

Жаңа станцияның құрылысы қаланың кәріз-тазарту құрылғылары кешенінің қуатын арттыру жобасы шеңберінде жүргізілуде. Қаладан келетін ағынды су көлемі артуда, бұл дегеніміз - биогазды орнату жүктемесі де көбейеді. Өндірілетін метанның көлемі ұлғаяды, міне, осы ретте ілеспе күкірттен тазарту процесі басталады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта сарқынды су тазарту құрылғыларының қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар қолға алынған, нәтижесінде тәулігіне қазіргіден 50 мың текше метрге артық ағынды су өңделмек. Жалпы, барлық жұмыстар аяқталған соң бұл кешен тәулігіне 200 мың текше метр кәріз суын өңдеуге қауқарлы  болмақ.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары