Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.05.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов тұтынушылар сұрақтарына "Отырар"телеарнасының тікелей эфирінде жауап берді. Ол кәсіпорынның жаз маусымына өтуі, суды үнемдеп пайдалану турасында мағлұматтар берді.
Шымкентте суды
орташа тұтыну тәулігіне 175 мың текше метрді
құрайды. Жаздыгүні бұл көлем өзгеретіні заңды. Күнделікті тұтынатын су
көлемі 250 мың текше метрге дейін жетуі мүмкін. Кәсіпорын мамандары жазғы
маусымға дайындық жұмыстарын су жинау орындарын жөндеу және желілерді қалпына келтіру жұмыстарынан бастады. Екі
резервуар - су жинақтағыштары пайдалануға берілді.
Суды үнемдеу
мәселесі "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС үшін өте өзекті мәселе.
Кәсіпорын өз тарапынан жасырын тұстарда ағып жатқан суды анықтап, оның алдын
алумен үнемі айналысады. Себебі, судың негізсіз ағылуы бірінші кезекте
тұтынушыға тиімсіз. Бұл бағытта бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Шымкенттіктердің
өзі де суды үнемдеуді үйренген.
Тікелей эфир
барысында Бекжан Ешімбетов үйішілік инженерлік желілер тақырыбын да қозғады.
Шымкентте мыңнан астам көпқабатты үйлердің пайдалануға берілгеніне жарты
ғасырдан астам уақыт өткен. Тиісінше,
ондағы ішкі коммуникация жөндеуді қажет етеді. Тозығы жеткен желілердің
салдарынан кәсіпорын ұсынатын қызмет
сапасының төмендеуі ғажап емес. Тұрғындар өзін-өзі басқару ұйымдарын құрып, үйішілік
желілерді жөндеуді шұғыл қолға алуы керек.
Сумен жабдықтауға
және канализацияға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, Сіздерден "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне келесі телефондар
бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 321-274; +77081102121. Сондай-ақ, кәсіпорынның
сайтына және әлеуметтік желілердегі аккаунттарына өтініштеріңізді жаза аласыздар.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты