русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 10.05.2023

Кәріз желілеріндегі апатты жағдайларды қалпына келтіру барысында қызмет көрсетуші мамандардың денсаулығына қауіпті сәттер де болады. Осыны ескерген "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәріз коллекторларында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, регламент және нұсқаулықтардың сақталуына көп көңіл бөледі. Арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі, оның барысында жөндеу бригадаларының әрбір мүшесінің іс-әрекеті пысықталады. Өйткені, нұсқауларды сақтамаған тұстар қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Салада мұндай жәйттер болған.

Интершум

Кәріз желілері бойынша қызмет көрсететін авариялық-қалпына келтіру бригадасының қажетті жабдықтары түгел. Соның ішінде ең жаңа үлгідегі газ анализаторлары, электр генераторлары және ауа сорғылары бар. Қызметкерлер газға толған құдықта немесе камерада апатты жою барысында қалай әрекет ету керектігін біледі.

Серік Тайманов  "СРМ" ЖШС кәріз желілеріне қызмет көрсету жөніндегі Еңбекші бөлімінің басшысы

"Біз мұнда қауіпсіз әдістерді пысықтаймыз, регламент пен қауіпсіздік техникасына сәйкес әрекет етеміз. Мұндай іс-шаралар ай сайын нақты жағдайлар туындаған жағдайда біздің қызметкерлер төтенше жағдайды өз өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз түрде жоя алатындай етіп өткізіледі".

Бір қуанарлығы, соңғы жылдары кәріз желілерінде апатты жөндеу кезінде жарақат алу жағдайлары тіркелмеген. Бұл да дайындық жұмыстарының нәтижесі.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары