Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 11.05.2023
Ақбай ауылының тұрғындары осылай шағымданды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі. Түркістан облысындағы Ақбай ауылының тұрғындары аймақтың экологиялық ахуалына алаңдаулы. Арығымыз нәжіске толып, сасып жатыр деген көпшілік жергілікті мектептің өткен аптаның өзінде бірнеше рет қалдықты осында ағызғанын айтады. Оны бейнежазбаға да түсіріп алыпты.
Қайнар көзі таудан басталатын бұлақ суын ауылдағы ағайын тек бау-бақшаға қолданбайды. Кір-қоңын жуып, кейде ішетінін де айтады. Себебі кейде аймақта ауыз су тоқтап қалады.
– Біз мектеп әкімшілігінен шара қолдануды сұрадық. Аудан әкімдігі, ауыл мен білім бөліміне де бардық. Ешкім жауап бермейді. Енді біз кімге жүгінерімізді білмейміз, – деді Ақбай ауылының тұрғыны Үмітжан Қазақбаев. Сайрам ауданы әкімдігі жағдайды растады. Олардың айтуынша, бәріне суды ашық қалдырған оқушылар кінәлі екен. Соның кесірінен кәріз толып, мектеп жауаптылары оны арыққа ағызған. Болған жағдай үшін мектеп директоры да жауапкершілікке тартылып, ескерту алыпты. Енді оларға айыппұл салынуы мүмкін.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты